Ескі видео: Ақмолада пойыз киіктер үйірін қағып кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
507

Желіде жүйткіп келе жатқан пойыздың киіктерді қағып жатқан видеосы тарады. «ҚТЖ» мәліметінше, бұл оқиға Ақмола облысында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бейнежазбаны «Аяла» ұлттық аңшылар мен балықшылар палатасы жариялады. Кадрлардан пойыздың зымырап келіп, киіктер үйіріне соғылғанын көруге болады. Жануарлар жолды кесіп өтпек болғанымен, үлгермей қалған.

– Ақбөкендер мыңдаған жылдар бойы ұлы даланы мекендеп келеді. Бүгінде олардың жолы кесілген: теміржолдар, автомагистральдар және табиғат ескерілмей салынған инфрақұрылымдар. Жануарлар мұндай кедергілерден өтуге тырысқанда жиі қырылып жатады, – дейді жарияланым авторлары.

«Қазақстан темір жолы» бұл видеоның ескі екенін мәлімдеді. Олардың дерегінше, бұл жағдай 2024-2025 жылдары Қолутон – Жалтыр және Жеңіс – Қызылжар учаскелерінде болған, ол кезде бұл жерлерде мал қоршаулары орнатылмаған еді.

– Қазіргі таңда теміржолдағы қауіпсіздік мәселесі өткір тұр. «ҚТЖ» жануарлар жолға шығып кетпеуі үшін қоршаулар орнатады. Алайда экологтар бұл қоршаулар киіктердің миграциясына кедергі келтіреді деп, оларды алып тастауды талап етеді. Нәтижесінде қоршаулар алынып, жануарлар қайтадан теміржолға шығып жатыр, – деп түсіндірді ұлттық компания өкілдері. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Нигер, Мали және Алжир шекаралары түйісетін аумақта болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде газ жарылысынан 58 жастағы әйел көз жұмып, шаңырағы ортасына түсті. Бүгінде отбасы мүшелері...