2004 жылдың шілде айында емханамызға Англиядан арнайы келген профессор:– Сіздердің ата-бабалар...
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды.
Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында ТМД-ның ұзақмерзімді басымдықтарын белгілеу қажеттігін атап өтті.
«Атқарушы комитетке елдеріміздің үкіметтерімен бірлесіп, ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынамын. Бұл – ортамерзімді перспектива. Ең алдымен, мемлекеттеріміз үшін аса маңызды басымдықтарға мән берген жөн. Олар: экономика, энергетика, инфрақұрылым, озық технологиялар және адам капиталы», - деді Президент жиында.