Жұлдыз Өмірғали Айқынмен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
164

Әнші Жұлдыз Өмірғали кезекті сұхбатында жұбайы Айқын Төлепбергенмен танысқан кезеңін еске алып, олардың арасындағы қарым-қатынастың қалай басталғанын айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесінің айтуынша, Айқынмен танысқан уақытта әншінің бірінші әйелі жүкті болған. Жұлдыз бұл жағдайдан кейін қарым-қатынасты тоқтатуға тырысқанын жасырмады.

“Біз танысқан кезде оның әйелімен бірге түскен бейнебаяны жарық көрді. Сол уақытта қарым-қатынасымызды тоқтату керек деп шештім. Бір айдай одан қашқақтап жүрдім. Бірақ кейін ол келіп, маған деген сезімін дәлелдеді. Бұл шешімді өзі қабылдағанын және оның жауапкершілігін де өзі көтеретінін айтты”, – деді әнші.

Жұлдыз Өмірғали екеуінің қазан айында танысып, желтоқсаннан бастап кездескенін жеткізді. Ал Айқынның бірінші әйелі келесі жылдың мамыр айында босанған. Әншінің сөзінше, содан кейін ажырасу процесі басталған.

Сондай-ақ өнер иесі жұбайының бұрынғы отбасымен байланысына қатысты ұстанымын да білдірді. Ол Айқынның балаларымен және бұрынғы әйелімен араласуына ешқандай кедергі келтірмейтінін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...