Президент Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
445

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

 Негізгі тезистер:

 жылдық инфляция он ай қатарынан төмендеп, шілдеде 10,2% болды;

 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша банктердің бизнеске берген кредиттерінің несие портфелі жылдық мәнде 17,1 пайызға ұлғайған. Бұл ретте шағын және орта бизнесті кредиттеу қарқыны 29,6 пайызға дейін жеделдеген. Ал тұтынушылық кредиттің өсуі жыл басындағы 21,0 пайыздан 13,0 пайызға дейін баяулаған;

Ұлттық қор мен алтын-валюта резервтерінің жиынтық көлемі 127,3 млрд долларға тең;

Ұлттық қордың инвестициялық кірісі – бірінші жартыжылдықта 2,3 млрд доллар. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері жыл басынан бері 1,7 триллион теңгеге ұлғайып, 27,8 триллион теңге болды.

Президент Ұлттық банк қызметі бойынша бірқатар міндет жүктеп, инфляцияны одан әрі тұрақтандырудың маңызына назар аударды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Непалда соңғы аптада табиғи апаттар қайталанды. 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде балағат сөздер жариялаған әйелдің акка...