«Баршаңызды жақсы көремін»: Димаш Құдайберген Мексикадағы жанкүйерлеріне үн қатты

Фото: dimashnews.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
100

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен концертінен бейнежазба жариялап, жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында әлемдік DIMENSIONS туры аясындағы концертінен үзінді бөлісіп, мексикалық көрермендерге ерекше ықыласын жеткізді.

«Рақмет, Гвадалахара! Баршаңызды жақсы көремін», – деп жазды Димаш.

Әншінің жазбасының астында әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері әсерлерімен бөлісіп, концерттің жоғары деңгейде өткенін атап өткен.

Бұған дейін 15 қарашада Гвадалахара әуежайында Димашты 100-ден астам жанкүйер қарсы алған. Олар қазақстандық әншіге арнайы музыкалық тосынсый ұйымдастырған.

Сондай-ақ Димаш Мексиканың Монтеррей қаласында да концерт берді. Жергілікті көрермендер өнерпазды ерекше ықыласпен қарсы алып, оны өз бауырларындай көретіндерін жеткізген.

Монтеррейде өткен халықаралық жанкүйерлер кездесуіне әншінің анасы Светлана Айтбаева да қатысқан.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін бензовоз аударылып, өртеніп кетті. Көлік кабинасынан құтқарушыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды. Алматы облыстық сотының қы...