Астанада автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған оқушының ағасы қыздың жағдайын баяндады, деп хаб...
Президент Қазақстанда президент сайлауы қашан өтетінін айтты
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент жаңа Конституция жобасы бойынша өткен референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген.
«Кейбір сарапшылар «Конституциялық реформа – билік транзитіне, президент сайлауына дайындық» деген пікір айтып жүр. Жалпы, вице-президент лауазымы не үшін қажет? Осыған қатысты пікіріңізді білсек деп едік», - деп сұрады Jibek joly телеарнасының тілшісі Зұлқарнай Ермұрат.
Тоқаев вице-президент лауазымына үлкен үміт артатынын атап өтіп, президент сайлауы қашан өтетінін айтты.
«Вице-президент лауазымы туралы әртүрлі әңгіме айтылып жүргенін білемін. Шын мәнінде, бірқатар шет мемлекетте вице-президент лауазымы бар. Кейбір сарапшылар «Қазақстанда билік ішінде бәсеке өршіп, түрлі үрдістер жүреді, елге зиян келеді» деген пікір білдіруде. Бұл мәселеде қоғамға зардап келетіндей қорқыныш жоқ. Вице-президент лауазымы біздің билік институттарын нығайтады. Келешекте бәрі айқын болады. Мемлекет басшысы ретінде бұл лауазымға, жалпы бүкіл реформаға үлкен үміт артып отырмын. Ал Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді», - деді мемлекет басшысы.