Құрылыс және тағы да құрылыс! Шетелдік басылым Қазақстандағы жаңа құрылыс бағдарламасы туралы

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
13

Қазақстан халқының өсуі білім беру және медициналық мекемелерге деген қажеттілікті күшейте түсуде. EU Reporter осы тақырыпқа «Халықтық құрылыс» туралы мақала арнады, оның шеңберінде мемлекет инфрақұрылымға 6,5 трлн теңге салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz eureporter.co басылымына сілтеме жасап.

Бұл жерде әңгіме мектептер, ауруханалар, емханалар, спорт нысандары, көпірлер мен жолдар салу туралы болып отыр. Мақалада соңғы жеті жылда Қазақстан халқы екі миллионнан астам адамға көбейгені атап өтілген. Сондықтан инфрақұрылымды дамыту өсіп келе жатқан қалалар мен аудан тұрғындарының күнделікті қажеттіліктерін шешу үшін қажет.

«Халықтық құрылысты» жүзеге асыру бүгінде басталып кетті: бірінші кезеңде құны 1,3 трлн теңгеден асатын жобалар мақұлданды. Олар жаңадан денсаулық сақтау және білім беру мекемелерін, мәдениет және спорт нысандарын, инженерлік желілер мен жолдарды қарастырады.

Жаңа бағдарлама бұған дейінгі салынған мемлекеттік инвестицияларға иек артады. Жеті жыл ішінде Қазақстан әлеуметтік салаға шамамен 88 трлн теңге, оның ішінде білім беруге 33,2 трлн теңге және денсаулық сақтауға 15,5 трлн теңге бағыттады. Бұл елде қалаларда да, ауылдық жерлерде де мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер салынды.

Сондай-ақ, басылымда өмір сүру ұзақтығы туралы мәліметтер келтірілген. Қазақстанда 2025 жылы ол тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары деңгейге жетіп, 76 жасқа жақындады. БҰҰ-ның салыстырмалы бағалауы бойынша Қазақстан Орталық Азияда бірінші орында тұр.

Адам дамуының көрсеткіштеріне ерекше назар аударылған. БҰҰ Даму бағдарламасының 2025 жылғы баяндамасында Қазақстан 193 ел мен аумақ арасында 60-шы орында тұр. Еліміздің адами даму индексі 0,837-ні құрайды, бұл Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. БҰҰДБ Тұрақты өкілі Катаржина Ваверня Қазақстанда өмір сүру, адами даму және цифрлық трансформация деңгейіндегі өлшенетін ілгерілеушілік барын атап өтті. Мақалада бұл деректер әлеуметтік өзгерістердің үлкен көрінісінің бөлігі ретінде берілген.

Білім мен медицинаға салынған инвестициялардың мәні UNICEF-тің «Generation 2050» баяндамасында айқын көрсетілген. Мәселен, Орталық Азия халқының жартысынан көбі 30 жасқа толмаған. Ұйымның бағалауы бойынша, балалардың денсаулығына, біліміне және дамуына қосымша инвестициялар салу 2050 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні базалық болжаммен алғанда 6-14%-ға арттыруы ықтимал. Мақалада бүгін салынған ғимараттардың құрылысы оған жұмсалған қаражатан да әлдеқайда көп әрі ұзақ уақыт пайда әкелуі мүмкін екендігі баса айтылған.

Мақалада құрылыс бағдарламасының практикалық нәтижесіне баса назар аударылған. Жаңа мектептер мен денсаулық сақтау мекемелері халық саны өсіп жатқан жерлерде бұл қызметтерге қол жетімділікті кеңейтеді. Шетелдік басылым Қазақстандық тәсілді мемлекеттік қаражатты осындай міндеттерді шешуге қалай бағыттауға болатындығының мысалы ретінде көрсетеді. «Халықтық құрылыс» прагматикалық модельді ұсынады, ол: таусылатын ресурстық байлықты ұзақ мерзімді қоғамдық активтерге айналдыру. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен концертінен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін бензовоз аударылып, өртеніп кетті. Көлік кабинасынан құтқарушыл...