Президенттің келісімінсіз шенеуніктерді тергеуге болмайтын болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
64

Өзбекстанда президент әкімшілігінің лауазымды тұлғалары мен бірқатар мемлекеттік орган өкілдерін заңсыз ұстаған немесе оларға рұқсатсыз тергеу жүргізген адамдарға қылмыстық жаза енгізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Енді мұндай әрекеттер үшін сегіз жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Президент Шавкат Мирзиёев қол қойған құжат 15 қазанда күшіне енген.

Жаңа заң бойынша, қолсұғылмаушылық мәртебесі бар адамдарды заңсыз ұстаған, мәжбүрлеп әкелген немесе оларға қатысты тергеу әрекеттерін жүргізгендер үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай әрекеттерге бұйрық бергендер де жауапқа тартылады.

Егер заң бұзушылық қайталанса, оны бірнеше адам алдын ала келісіп жасаса немесе күш қолданылса, жаза бес жылдан сегіз жылға дейін ұлғаяды. Дәлелдерді қолдан жасау, адамды заңсыз қамауға алу және қылмыстық жауапкершілікке тарту да осы санатқа кіреді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Полиция мәліметінше, жол апаты елорданың айналма жолында болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. T...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері тәрбиеленушілерді ж...