Жанар Хамитованың өліміне қатысты іс неліктен тоқтатылғаны белгілі болды

Жаңалықтар
2996

"Суицидке итермеледі" деген бап бойынша тергеу жүргізген құқық қорғау органдарының қызметкерлері ешқандай дәйек таппады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

 Полиция әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатқанын хабарлады.

Эстрада жұлдызының өліміне әлдебіреудің қатысы бар болуы мүмкін, яғни "суицидке итермеледі" деген бап бойынша тергеу жүргізгендер ешқандай дәйек таппапты.

"Аталған іс Қазақстан Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабы, яғни қылмыстың құрамының болмауына байланысты қысқартылды", - деп түсіндірді Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков.

КТК арнасы хабарлағандай, 30 жастағы әншінің қазасынан соң, оны біреулер өз-өзін өлтіруге мәжбүрлеуі мүмкін деген күдікпен іс қозғалған еді.

Естеріңізге салсақ, оқиға қыркүйекте болған. "Арнау" тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова дүниеден озды деген суыт хабар талайдың қабырғасын қайыстырды. Туыстары еден жуып жатқанда жүрегі тоқтады деп түсіндіргендей болған. Алайда артынша Хамитованың өзіне қол салғаны анықталды.

"Super Star" байқауының финалисі бақандай 21 мәрте өмірімен қоштаспақ болған екен.  

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...