Алдағы күндері елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толықтыры...
Қайықта етігі мен бас киімі қалған: Ақмола облысында зейнеткердің мәйіті табылды
Ашық дереккөз
115
Ақмола облысында балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған 68 жастағы ер адамның мәйіті көлден табылды. Ол суға батып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz .
Зейнеткер Жарлыкөлге балық аулауға кеткен. Алайда кешке үйіне оралмаған соң, туыстары алаңдап, көмекке жүгінген.
Ер адамды іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар және жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары жұмылдырылған.
Іздеу барысында көл жағасынан шамамен 100 метр қашықтықта жоғалған адамның резеңке қайығы табылған. Қайықтың ішінде оның етігі мен бас киімі болған.
Сүңгуірлер келесі күні таңертең зейнеткердің мәйітін судың екі метр тереңдігінен тапты.
Белгілі болғандай, ер адам балық аулауға шыққанда құтқару кеудешесін кимеген.