Көлік министрлігі QazaqAir әуе компаниясының Қостанай - Астана рейсіндегі оқиғаға қатысты пікір білд...
Түркістанда ағаштар бүршік ата бастаған. Оңтүстікке көктем ерте келді ме?
Фото: Нахып Шынтемиров
Түркістанда ағаштар бүршік ата бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz kazinform.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Түркістан қаласында ағаштардың бүршік жара бастағанын фотограф Нахып Шынтемиров таспалап алған. Содан әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Онда Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ алдындағы ағаштардың көгере бастағынын көруге болады.
Жазбаға пікір жазған оқырмандардың бір бөлігі «үсіп қалатын болды» деп алаңдаушылық білдірсе, екінші тарап қаңтарда бүр жарған ағаштарға таң қалысып жатыр. Олардың арасында «Бізде ақтүтек боран», «Әдемі көрініс!» деген жазбалар бар.
Ал, автордың өзі «Сирен ағашының бүршіктері үсігенімен қайта шығады. 25-35 градусқа дейін шыдайды», - деп жазды.
«Сырдария-Түркістан» өңірлік табиғи паркінің ғылыми қызметкері Ғани Назарбек бұл табиғи құбылыс деген баға берді.
Жалпы күн жылынғанда кез келген өсімдік, ағаш денесінен сөл бөледі. Содан бүршік пайда болады. Ал, күн қайта салқындағанда қалпына келеді. Оңтүстік өңірде биыл қыс жақсы болып тұр. Күн әліде салқын, жерде қар бар. Өткен жылдары қаңтар айында жер көгеріп, бәйшешек шығып кеткен болатын, - деді ол.