Алматыда таксист жапондық туристен 14 шақырым жол үшін 95 мың теңге сұраған

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
195

Алматыға саяхаттап келген жапондық турист такси жүргізушісінің шектен тыс ақы сұрағанына тап болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға туралы шетелдік қыздың құрбысы әлеуметтік желіде жазған. Оның айтуынша, турист Алматы халықаралық әуежайынан қалаға жету үшін таксиге отырған. Алайда жүргізуші небәрі 14 шақырым жол жүріп, жарты сағаттық сапар үшін 95 мың теңге талап еткен.

Әлеуметтік желіде тараған жазбадан кейін полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, такси жүргізушісін анықтады.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық банкінің 29 қарашаға белгілеген ресми бағамы бойынша АҚШ доллары 458,13 теңге болды...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда қоғамдық көлік өртеніп, полиция қызметкерлері жолаушылар мен жүргізушіні құтқарып қалды,...