“Қайыршы сияқты жерлей салған”: Ақтөбелік отбасы бауырын жерлегендерден өтемақы талап етуде

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2181

Ақтөбеде жерленген 51 жастағы ер адамның туыстары полиция департаменті мен Қаржы министрлігінен өтемақы талап етуде, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, екі жарым ай бойы інісінің денесі мәйітханада жатыпты. Отбасы оны іздеуге шешім қабылдаған уақыттан бір апта бұрын ер адам белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам ретінде жерленген. Қабірге тек сандары бар тақта орнатылған.

Полиция жақындарына ер адамның өзен жағасында екі досымен ішімдік ішіп, суға батып кеткені туралы хабарлады. Бірақ олар марқұмның туыстарын іздемей, жерлей салған.

Енді марқұмның әпкесі мен анасы полиция департаменті мен Қаржы министрлігінен моральдық зиянды өтеу үшін 2 миллион теңге талап етуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...