Павлодарлық жігіт бойжеткенді тізерлетіп қойып пышақ сұққан

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
164

Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

33 жастағы ер адам өз пәтерінде әйелге пышақпен шабуыл жасағаны үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, жұп 2025 жылдың қазан айында дүкенде танысып, кейін сыртта әңгімелерін жалғастырған. Ер адам әйелді өз үйіне шақырған. Бірге алкоголь ішкеннен кейін әйел кетпек болған, алайда есік жабық болып шыққан.

«Ол бірдеңе айтып жатыр, бірақ әйел тыңдамайды. Үстелде пышақ тұрған. Кейін ол: “Түсінесің бе? Қазір сені осы жерде өлтіремін, ешкім көрмейді, ешкім ештеңе білмейді” дейді. Әйел қатты қорқып кетеді. Сосын “тізерлеп отыр” дейді, әйел тізерлейді. Ол үстелден пышақты алып, айналдырып бірдеңелер айтып тұрады да, кенеттен пышақты әйелдің сол жақ кеуде тұсына сұғып алады да, қайта суырып алады. Әйел сол жерін сол қолымен ұстап, “Не істеп жатырсың?” дейді. Қанды көрген соң, ер адам өзі де қорқып кетіп, орындықтан құлап түскендей болады, бұл әрекетті өзі істемегендей күй кешеді», – делінген жәбірленушінің сотта берген жауабында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атыраудағы резонансты қылмыстық іс бойынша күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиев...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елімізде орташа айлық жалақы 473 158 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді,...