Қапшағай су қоймасында қайық аударылып, ер адам жоғалып кетті

Сурет: Алматы ТҚД

ЖАҢАЛЫҚТАР
1332

Өткен жексенбіде Қапшағай су қоймасында екі ер адам отырған қайық аударылып кеткен. Олардың бірі жағаға жүзіп шыққан, ал екіншісін құтқарушылар әлі де іздестіруде, деп хабарлады МadeniРortal.kz.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 4 қыркүйек, бейсенбі күні құтқару операциясының егжей-тегжейін хабарлады.

«31 тамыз күні сағат 15:00 шамасында "112" қызметінің телефонына Қапшағай су қоймасында, 9-сорғы станциясының маңында екі ер адам отырған қайықтың аударылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олардың бірі жағаға жетіп үлгерген, ал екіншісі шамамен 400 метр қашықтықта суға батып кеткен», – делінген ведомствоның Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Оқиға орнына құтқарушылар дереу жіберілген. Қайықтар мен сүңгуірлер тобы алғашқы сағаттардан бастап іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған. Қиын ауа райы мен үлкен аумаққа қарамастан, іздестіру жұмыстары жалғасуда. Департаменттің мәліметінше, іздестіруге 17 құтқарушы, 3 техника, 4 жүзу құралы, дрон және "Эхолот" гидроакустикалық аппараты тартылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...