"35 рет пышақ сұққан": Нұрай Серікбайдың өлімінің мән-жайы айтылды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
101

Шымкентте Нұрай Серікбайды өлтіру ісіне қатысты алдын ала сот тыңдауы өтті. Мемлекеттік айыптаушы Мадияр Әбілқасымов сотта айыптау актісін жариялап, сотталушы Шерхан Аймаханға тағылған үш эпизод бойынша айыптың мән-жайын баяндады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.

Прокурордың мәліметінше, 2025 жылдың 25 шілдесінде Шерхан Аймахан Нұрай Серікбаймен ортақ таныстарының үйлену тойында танысқан. Кейін олар Instagram және WhatsApp арқылы хат жазысып, Аймахан қызға көңіл білдіріп, жеке кездесуді ұсынған.

31 тамызда Нұрай Серікбай отбасымен бірге Алматыға келіп, туыстарымен жалдамалы пәтерге орналасқан. Осыдан кейін Аймахан оған әлеуметтік желі арқылы байланысып, бірнеше рет кездесуді ұсынған.

Айыптау актісіне сәйкес, 29 қыркүйекте Аймахан Hyundai Elantra көлігімен Алматыға келген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол Нұрайға сезіміі барын айтып, отбасын құруға ұсыныс жасаған. Алайда бойжеткен әлі ерте екенін айтып, ұсыныстан бас тартқан.

Прокуратура мәліметінше, 4 қазан күні шамамен сағат 21:45-те Аймахан Нұрай тұрған жалдамалы пәтерге келіп, оны өзімен бірге некеге тұруға мәжбүрлеген. Кейін оны өз көлігімен Алматыдан Шымкентке алып кеткен.

Айыптау тарапының дерегінше, қыз бастапқыда қаладан шығып кеткенін білмеген. Жолда Алматыдан ұзап кеткенін түсініп, қарсылық көрсеткен. Алайда Аймахан қарсылық көрсетсе, апатқа  ұшырайтынын айтып қорқытқан.

5 қазан күні таңғы сағат 06:00 шамасында ол Нұрайды Шымкент қаласы Қаратау ауданында орналасқан үйіне алып келген. Прокурордың мәліметінше, сотталушының туыстары болған оқиғаның мән-жайынан хабарсыз болған. Қонақ күтуге дайын болмағандықтан, Аймахан қызды әуелі анасының үйіне апарған.

Айыптау актісінде Нұрайдың қазақтың салты бойынша туыстары келіп алып кетеді деп үміттенгені, сондықтан полицияға жүгінбегені айтылған. Кейін дайындық аяқталған соң, Аймахан оны қайтадан өз үйіне әкелген.

Прокурордың мәліметінше, сотталушының туыстары дәстүр бойынша қыздың басына ақ орамал жауып, жас жұбайларды бөлмесіне кіргізген. Айыптау тарапы мұны Шерхан Аймахан Нұрайды еркінен тыс некеге тұрғызу мақсатын толық жүзеге асырғанын дәлелдейтін әрекет деп санайды.

Оқиғадан кейін жәбірленушінің ағасы Сұлтан Серікбай, Бауыржан Бимуратов және немере ағасы Аймаханның үйіне барған.

Айыптау актісіне сәйкес, Нұрай ағасына:

“Сендерді күттім. Бұл менің еркімнен тыс болды. Мені алып кетіңдер”, – деп көмек сұраған.

Сұлтан Серікбай қарындасын алып кетуге тырысқаны. Десе де үйдің маңына Аймаханның туыстары жиналғандықтан, оған мүмкіндік болмаған. Осыдан кейін ол бірнеше рет полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына Қаратау аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы келіп, Аймахан мен Нұрайды полиция бөліміне жеткізген.

Прокурордың айтуынша, тергеуші Артықбай екі тараптан да түсініктеме алғанымен, тексеру материалын тіркемеген. Аймахан қызды енді мазаламайтынын айтқан. Сосын Нұрай туыстарымен бірге үйіне қайтқан.

Айыптау тарапының пікірінше, осы әрекеттерімен Шерхан Аймахан Қылмыстық кодекстің 125-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмысты жасаған. 

Прокурордың мәліметінше, болған оқиғадан кейін Аймахан Нұраймен қарым-қатынасты қайта жалғастыруға бірнеше рет әрекеттенген. 6 қазанда ол Алматыдағы Нұрай тұрған жалдамалы пәтерге барған. Алайда оған қыздың Шымкентке кеткенін айқан. Сосын ро кері қайтқан.

7 қазанда сағат 11:50 мен 13:00 аралығында ол Нұрайға 17 рет қоңырау шалған. Байланыса алмаған соң, үйінің маңына барып күткен. 

8 қазанда түнгі 01:06 мен 01:11 аралығында тағы 8 рет телефон соққан.Қыз кездесуден бас тартқанына қарамастан, Аймахан таңғы сағат 10:50-ге дейін үйінің маңында жүрген.

Айыптау актісіне сәйкес, 10 қазан кешкі сағат 19:26-дан 11 қазан кешкі 18:41-ге дейін тағы 70 рет қоңырау шалған.Осыдан кейін Нұрай телефон нөмірін ауыстырған.

Аймахан кейін Алматыдағы жалдамалы пәтерге қайта барып, Нұрай оқуына оралды деп ойлаған. Бірақ оның бұл мекенжайда тұрмайтынын айтқан соң, қайтадан Шымкентке кеткен.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, осы оқиғалардан кейін Аймахан Instagram желісіндегі парақшасы арқылы Нұрай туралы мәліметтерді бірге оқыған студенттерге таратқан.

25 қазанда Алматыда тергеу әрекеттері кезінде Нұрай ағасымен бірге болған. Ағасы Шымкентке қайтқан соң Аймахан онымен қайта байланысуға әрекет жасаған.

5 қарашада ол Нұрайдың жаңа телефон нөмірін тергеу басқармасы арқылы біліп алып, түнгі 01:53 пен 03:33 аралығында 12 рет қоңырау шалған. Алайда Нұрай бірде біріне жауап бермеген. 

Айыптау тарапының мәліметінше, Аймахан Нұрайдың туған күні 11 қараша екенін біліп, оны құттықтауды жоспарлаған. Мұны естіген Нұрай кездесуден қашу үшін Шымкентке кетіп қалған.

Сол күні кешке Аймахан Алматыға барғанымен, жалдамалы пәтерге келгенде Нұрайдың көшіп кеткенін білген.

16 қарашада қайтадан Шымкентке оралған. 17 қараша түнгі сағат 00:37-ден бастап Нұрайға тағы бірнеше рет хабарласуға әрекеттенген. Сосын Нұрай телефон нөмірін тағы бір рет ауыстырған.

Прокурордың пікірінше, бұл әрекеттер Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық құрамына жатады. 

Айыптау актісіне сәйкес, 2026 жылы 10 қаңтар күні шамамен сағат 18:30-да Аймахан Шымкент қаласының Абай ауданында орналасқан Нұрайдың үйінің ауласына келген. 

“Күдікті Аймаханның қалтасында алдын ала дайындап қойған пышақ болған. Үйден шығып келе жатқан Нұрайды кездестірген ол саябаққа бірге баруды ұсынған. Қыз бас тартып, үйіне қайта баратынын айтқан. Осыдан кейін Аймаханда қызды өлтіру ниеті пайда болған. Олар Төлеметов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің арасымен өтіп бара жатқанда, Аймахан қалтасынан пышақты шығарып, Нұрайға бес-алты рет пышақ сұққан. Қыздың жан даусын естіген куәгер Бердібеков көмекке жүгіріп келген. Аймахан қылмыстық әрекетін соңына дейін жеткізе алмай, бірнеше метр жүгіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін бастаған ісін аяқтау үшін қайта келіп, Нұрайға 30 рет пышақ сұққан”, – дейді прокурор Әбілқасымов. 

Қазір іс бойынша алдын ала сот тыңдауы жалғасып жатыр.

Тікелей эфирде өткізу сұралды

Нұрайдың адвокаты мен жақындары істің тікелей эфирде көрсетілуін сұрады.

“Бұл іс қазір бүкіл елдің назарында. Себебі әр отбасы қыз тәрбиелеп отыр. Ешкімнің басына мұндай жағдай түспесін. Егер қызды аңду, некеге тұруға мәжбүрлеу сияқты жағдайлар орын алса, адамдар қайда жүгіну керегін, қандай дәлел жинау қажет екенін, кімнен көмек сұрауға болатынын осы іс арқылы білсе дейміз. Бұл Нұрай Серікбайдың отбасының басты өтініші”, – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров. 

Алайда, сотты тікелей эфирде көрсетуге сотталушы тарап келіспей, қарсы шықты. Екі жақты келісім болмаған соң судья сот процесінің тікейлей көрсетілмеймінін айтты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде бір топ еркек таксиде отырған адамды жүксалғышқа салып алып ұрлап кеткен, деп хабарлайды Ma...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында қайғылы оқиға болып, 14 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды, деп х...