Ақтөбеде бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел туралы тың дерек шықты

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
112

Ақтөбеде әйелдің өліміне қатысты бұрынғы күйеуі ұсталды. Қайғылы оқиға 5 қарашада болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұрмыстық жанжал кезінде қаза тапқан. Марқұмның артында бір қызы қалғаны хабарланды.

Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Kazinform мәліметінше, күдікті 1995 жылы, ал қаза тапқан әйел 2000 жылы туған. Полиция бұған дейін олардың арасында тұрмыстық жанжал болғаны туралы арыз-шағым немесе хабарлама түспегенін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана – Петропавл тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Дәрігерлер төрт күндік нәрестені...

ӘДЕБИЕТ

  “Жазушы көп оқығаннан ғана жазушы болмайды, ол анасынан басқа санамен туады” Ә....