"Атақты әнші де бар”: Клубтың шатыры құлап 184 адам ажал құшты

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
4360

Доминиканда Санто-Доминго астанасының Jet Set түнгі клубында шатыр құлауынан қаза тапқандар саны 184-ке жетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Құтқарушылар сахнада өнер көрсеткен атақты әнші Робби Перестің денесін тапты. Оның қызы Зулинка аман қалды.

Президент Луис Абинадер үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады.

"Соққы цунами немесе жер сілкінісі сияқты қатты болды", – деді тірі қалғандардың бірі Ирис Пенья. 

Оның айтуынша, ол төбеден бірдеңе төгіле бастаған кезде шығуға жиналды.

Оқиға салдарынан барлығы 500-ден астам адам зардап шекті. Үйінділер астындағы адамдарды іздеу екі күнге созылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...