Туғанына 19 күн ғана болған сәбидің жүрегіне ота жасалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
25

Қарағандылық нәрестеде туа біткен жүрек ақауы болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұған дейін сәбиге асқазан-ішек жолының қатар жүретін патологиясына байланысты да операция жасалған.

Бұл жолы отаны жергілікті мамандар мен UMC Жүрек орталығы балалар кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі жасады.

«Мұндай операциялар өңірде көп жылдан бері жасалмаған. Мамандардың бірлескен жұмысы жергілікті дәрігерлерге тәжірибе беруге және алдағы уақытта осындай медициналық көмекті жаңа туған нәрестелерге тікелей өңірде көрсетуге мүмкіндік береді", - деп жазды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Непал мен Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған табиғи апаттан кейін хабар-ошарсыз кеткен екі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

24 жастағы Жанасыл Сәрсенбай үйінің алдында пышақ жарақатын алып, көз жұмды. Қайғылы оқиғаға жол үст...