Көрнекті қоғам қайраткері, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы, эссеист, дипломат және...
Қазақ өнері қара жамылды: Қазақстанның халық әртісі өмірден өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор, профессор Бәкір Баяхунов дүниеден өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бәкір Баяхунов саналы ғұмырын музыка өнеріне арнап, еліміздің композиторлық мектебінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық музыкалық мұрасы, Шығыс халықтарының әуендері мен еуропалық классикалық музыка дәстүрлері шебер үйлесім тапқан.
Композитор 40 жылдан астам уақыт Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында еңбек етіп, бірнеше буын кәсіби музыканттарды тәрбиеледі.
Мәдениет және ақпарат министрлігі өнер қайраткерінің қазасына байланысты көңіл айтты.
«Бәкір Баяхунов шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, өнердің шынайы құндылығын түсіндіріп, олардың шығармашылық жолына бағыт-бағдар көрсетті. Оның бай шығармашылық мұрасы, ұстаздық өнегесі мен жарқын бейнесі халық жадында мәңгі сақталады», – делінген министрлік хабарламасында.
Бәкір Баяхуновтың дүниеден өтуі – қазақ музыка өнері үшін ауыр қаза. Оның шығармашылық мұрасы мен өнерге сіңірген еңбегі ұрпақ жадында сақталмақ.