Астанада қыз биіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. Қ...
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында, басты міндет аймақтар арасындағы алшақтықты азайту екенін атап өтті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында, басты міндет аймақтар арасындағы алшақтықты азайту екенін атап өтті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев форумда бірнеше маңызды дүниелерді айтып өтті. Солардың бірі орта тапты нығайту мәселесі болды.
Біз адам капиталына инвестиция салып, жас мамандардың қалыптасуына жағдай жасаймыз. Ең басты міндетіміз – аймақтар арасындағы алшақтықты азайту және орта тапты нығайту. Сол себепті цифрлық технология мен жасанды интеллектіден бастап жасыл энергетика мен қосымша құны жоғары өндіріске дейінгі негізгі секторлардағы әлеуетімізді күшейте береміз.
Сондай-ақ, алға қойып отырған сақсатымыздың бірі Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу екеніне де тоқталды.
Біз цифрлық трансформацияда елеулі табысқа қол жеткіздік. Мақсатымыз – Еуразиядағы жетекші IT хабқа айналу.
Әсіресе, жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беріп отырмыз. Бірқатар шетелдік университеттің филиалы бар, зерттеу мен әзірлеу саласындағы серіктестік жолға қойылған академиялық және инновациялық хабқа айналғымыз келеді.
Қазақстан ең қуатты суперкомпьютерді іске қосуға кірісті. Қазірдің өзінде бұл жұмыс басталып кетті.
Бұдан бөлек, СryptoCity деп аталатын жаңа пилоттық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда криптовалютаны азық-түлік сатып алуға, қызмет төлеміне және басқа да мақсаттарда пайдалануға жағдай жасалады.