«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындардағы конвейер шаруашылығын жоспарлы жаңарту бағд...
Қазақ қызына үйленген кәсіпкер тойына 280 млн теңге жұмсаған
Фото: ЖИ
Қазақ қызы Камила Лукпановаға үйленген inDrive компаниясының негізін қалаушы, кәсіпкер Арсен Томский өміріндегі маңызды күнді Ыстамбұлда атап өтіп, Босфор бұғазының жағасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Түрік басылымдары тойға дайындық шамамен екі жарым айға созылғанын жазды. Салтанатты кешке жас жұбайлардың отбасы мүшелері, жақын достары мен іскерлік ортадағы таныстарынан құралған 250-ге жуық қонақ шақырылған. Қонақтар Ыстамбұлда екі күн бойы қонақ болып, олар үшін үш түрлі шара ұйымдастырылған.
Үйлену тойынан кейін арнайы кеш өтіп, қалыңдық пен күйеу жігіт бірнеше рет киім ауыстырған. Қонақтардың көңілін көтеру үшін шетелден диджейлер мен өнерпаздар арнайы шақыртылған.
Кештің басты қонақтарының бірі – танымал әнші Валерий Меладзе. Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, Камила Лукпанова әншінің өнер көрсетуі кезінде сахна маңынан кетпей, оның әндеріне қосылып, қонақтармен бірге көңіл көтерген. Тойға келгендер үшін Босфор бұғазында арнайы серуен де ұйымдастырылған.
Түрік басылымдарында тойдың құнына қатысты әртүрлі ақпарат тарады. Алғашқы материалдардың бірінде ұйымдастыруға шамамен 30 миллион түрік лирасы (280 миллион теңге) жұмсалғаны айтылса, кейінгі жарияланымдарда үш шараның өзіне 30 миллион лира, ал бүкіл тойдың жалпы шығыны 50 миллион лираға (468 миллион теңге) дейін жеткені жазылды. Сондықтан нақты соманы бір ғана көрсеткішпен беру қиын.
Жас жұбайлар Ыстамбұлды саяхаттағанды ерекше жақсы көретін қалаларының бірі екенін айтқан.
“Бұл күннің тек біз үшін емес, жанымыздағы адамдар үшін де мереке болғанын қаладық. Жақындарымыздың жұмыс пен күнделікті міндеттерді бір сәтке ұмытып, бас қосып, емін-еркін әңгімелескенін қалап едік. Ойлағанымыздың бәрі орындалды. Ең жақсы көретін қалаларымыздың бірі – Ыстамбұлда өміріміздегі ең ерекше күнді атап өттік”, – деген жұп.