Қазақстан бойынша 14 жалған «теракт» ұйымдастырған 9-сынып оқушылары ұсталды

Фото: Polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
174

Алматы облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратты деген күдікпен 9-сыныптың екі оқушысы ұсталды. Тергеу барысында олардың Астана қаласы мен Алматы облысында тіркелген осындай 14 дерекке қатысы бары анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Arasha.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында тағы бір 9-сынып оқушысы анықталды. Ол әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін басқа қолданушылардың атынан Шымкент қаласы әкімдігі мен Ақтаудағы сауда орталықтарының біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы электрондық хаттар жіберген.

ІІМ мәліметінше, күдіктілер қылмыс жасау кезінде анонимді телефон нөмірлері мен жалған электрондық пошталарды пайдаланған.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасы бастығының орынбасары Аман Әубәкіров мұндай әрекеттердің «әзіл» немесе қалжың ретінде қабылданбайтынын айтты. Оның сөзінше, терроризм туралы жалған хабарламалар қоғам арасында дүрбелең туғызып, шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтіреді.

Полиция мұндай қылмыс үшін заң бойынша бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылғанын ескертті. Сондай-ақ барлық дерек мұқият тексеріліп, күдіктілер заманауи технологиялардың көмегімен анықталатыны айтылды.

ІІМ азаматтарды тексерілмеген ақпарат таратпауға, жалған хабарламалар жібермеуге және балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге шақырды. Егер қауіп туралы күмәнді хабарлама келсе, бірден полицияға хабар беру қажет екені ескертілді. 

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

Президент мектептерге жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды MadeniPorta...

Шоу-бизнес

«1001 түн» студиясында қонақта болған әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахн...