Қазақстан экологиялық жауапкершілік мәселесіне заңнамалық деңгейде айрықша мән береді – Президент

Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
474

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Жаңа Конституциямызда қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік саясат пен азаматтық жауапкершіліктің негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды. Яғни, біз үшін экологиялық қауіпсіздік пен өсіп-өркендеу жай ғана мәселе емес. Ол ұлттық сана-сезімнің ажырамас бөлігі және ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы ретінде қарастырылады. Қазақстан:  экологиялық таза энергия өндірісіне көшу;  биоалуантүрлілікті қорғау;  тозған жерлерді қалпына келтіру;  су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру;  су үнемдеу саясатын енгізу;  қоршаған ортаны қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту бағыттарындағы шараларды қолға алды. Әлбетте, ешбір ел жалғыз жортып, табысқа жете алмайды. Сондықтан аймақтық және жаһандық деңгейде күш жұмылдыруға баса мән береміз. Біз аталған міндетті нақты іс, жаңа технологияларды игеру және тұрақты дамуға ұзақмерзімді инвестиция салу арқылы орындаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов зейнетақы ануитетіне байланысты заңдағы жаңа өзгерістер туралы а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ір...