Қазақстан футболшыларын барын салып қолдаған өзбек жанкүйерлері жұртты сүйсінтті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2018

Өзбекстанның Ташкент, Әндіжан және Бұхара қалаларында футзалдан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасын барынша қолдаған өзбек жанкүйерлерімен бейнероликтері тарап кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Турнирдің фавориттерінің бірі саналатын Португалия құрамасы және Қазақстан команданың матчы кезінде өзбекстандық жанкүйерлердің біздің футболшыларымызға көрсеткен қолдауы қуаныш пен бауырлас ағайындармен арада жылылық сыйлады. 

"Қазақ пен өзбек - бір туған"," Қандай керемет, жарайсыңдар!","Рақмет, Өзбекстан"," Біз де өзбектерді барлық жерде қолдауымыз керек", - деп жазады комментаторлар. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы футзалдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасымен ойнады. Ойынның соңына бірнеше секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов гол салып, құрама 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...