Алматыда 21 қазан күні Caspian University-де Рухани келісім күніне арналған республикалық форум өтіп...
Қазақстанда +42 градусқа дейін аптап ыстық, жаңбыр мен найзағай күтіледі
ашық дереккөз
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 21 маусымға Қазақстанның көптеген өңірлерінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Астанада күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы 40–42 градусқа дейін жетеді. Қызылорда қаласында 40 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында аздаған жаңбыр мен найзағай, ал таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында оңтүстік-батыс желі соғып, күндіз екпіні 15–18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) 21 маусымда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі кей уақытта 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыс желінің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз ауа температурасы 35–36 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік-шығыс желі оңтүстік-батыс желіне ауысып, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35–36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс және солтүстік жел күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз облыс бойынша 35–36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтерілсе, облыстың батысы мен оңтүстігінде 40–41 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 35–37 градус ыстық болады.
Абай облысында солтүстік және солтүстік-шығыс желі соғып, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыс бойынша ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады.