Белгілі режиссер Әзизжан Зайыров қайтыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1969

Қазақстандық продюсер және режиссер Әзизжан Зайыров 56 жасында қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz  Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін, 3 қыркүйекте оның жұбайы мәлімдеді.

«Қымбатты достар, бүгін біздің Әзиз өмір жолын аяқтады. Сағат 01:45-те №7 Қалалық клиникалық ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның жолы жарқын болды. Оған бәрі үшін рахмет», — деп жазды ол.

Әзизжан Зайыров – режиссер, продюсер, сценарист, қоюшы-режиссер, қоғам қайраткері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы.

Ол ерекше тағдыр иесі еді. Балалар үйінде өсті, 12 жасында екінші топтағы мүгедектікке ұшырады, көшеде түнеді, аштыққа ұшырады, бірақ уақыт өте өз өмірін қолына алды. Нәтижесінде ол жақсылық пен махаббатты үйрететін өмірлік фильмдер түсірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...