Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адам туралы тың дерек шықты

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
163

Ақтөбеде 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі 5 қарашаға қараған түні Есет батыр тұрғын алабындағы көпқабатты үйдің баспалдақ алаңынан табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел тұншықтырып өлтірілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қылмысқа күдікті ретінде марқұмның 31 жастағы бұрынғы күйеуі ұсталды. Бұл ақпаратты Ақтөбе облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Асет Қалиев растады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Полицияның алдын ала болжамынша, қайғылы оқиғаға дейін бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болған. Қазір тергеушілер оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтап жатыр.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы — “Кісі өлтіру” бойынша тергелуде. Істің түпкілікті саралануы тергеу қорытындысына байланысты болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Шоу-бизнес

1990-жылдары әндерімен танылған алматылық музыкант, әнші әрі ән авторы Кирилл Ли қайтыс болды, деп х...

Шоу-бизнес

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі әлеуметтік желіде өзіне теріс пікір жазғандарға жауап берд...