Қазақстанда 59 мың жетім бала баспана кезегінде тұр: министр мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
207

Қазақстанда 2026 жылы 3 576 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азамат баспанамен қамтамасыз етілген. Алайда осы санаттағы тағы 59 мыңға жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 16 қарашада Құрылтайда өткен Үкімет сағатында мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Министрдің айтуынша, мемлекет жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқықтарын қорғау және оларды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Аталған санаттағы балалармен жұмыс істеу үшін 616 маман даярланған.

Сонымен қатар «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғауға бағытталған 28 іс-шара қарастырылған. Оның сегізі 2026 жылы жүзеге асырылуы тиіс болса, тағы бес іс-шара жыл сайын өткізіледі.

Жұлдыз Сүлейменованың мәліметінше, «Қазақстан халқына» қоры балалар мен отбасыларды қолдауға бағытталған 120-дан астам бағдарлама мен жобаға қолдау көрсеткен. Сондай-ақ әлеуметтік көмектің 49 түрі қарастырылған.

Айта кетейік, қолданыстағы ережелерге сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мемлекеттік тұрғын үй алуда басымдыққа ие. Бұл санатқа бөлінетін тұрғын үй үлесі кемінде 20 пайызды құрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әзербайжан астанасы Бакуде 23 жастағы суретші Гүляра Мехтиева пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмды...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде баспалдақ қоршауынан құлаған 11 жастағы оқушы ауруханада көз...