"Өліп қал, түрмеге отырғаным артық": Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті әйелін аяусыз соққыға жыққан

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1369

Әлеуметтік желілерде Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің вице-президенті Арсен Шакуов әйелге күш қолданып, оны өлтіремін деп қорқытқан видеосы тарап жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Кадрларда: «Өл, мен түрмеге отырғаным артық» деген сөз естіледі. Бұл туралы qaimaq жазды.

Жарияланған ақпараттарға сәйкес, видеоға түскен адамның Арсен Шакуов екені айтылуда. Ол оқиға болған кезде Алматы қаласындағы РСК басшысы қызметін атқарған, қазіргі таңда ҚР Ұлттық Сурдлимпиадалық комитетінің вице-президенті және Жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті қызметтерін атқарып жүргені хабарланды.

 Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 2025 жылдың қаңтарында болғанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша дереу шаралар қабылданды. Түрксіб аудандық полиция басқармасы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғады», — деді Алматы ПД.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, істің материалдары мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып, тараптар татуласқан.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...