Қазақстанда алғаш рет бір мезетте 25 келінге беташар жасалды (ВИДЕО)

Видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
1437

Елордада бір мезетте 25 келіннің беташар рәсімі өтті. Салтанат сарайында өткен тарихи оқиға КИнЭС рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлады madeniportal.kz KAZINFORM-ға сілтеме жасап.

Бастапқыда шараға 50 жұп қатысуы керек болған. Алайда ресми неке куәлігін алып үлгерген 25 жұп қана Салтанат сарайындағы тарихи оқиғаның кейіпкеріне айналды.

 

– 25 жұп та алдағы уақытта той өткізуді жоспарлап отырған біздің тұтынушыларымыз. Оларға хабарласып, Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енетіндерін, тарихта қалатындарын айтқаннан кейін бәрі оп-оңай келісті. Бұл – барлық әріптестерімізбен бірге ұйымдастырылған шара. Бәріміз КИнЭС рекордтар кітабына қалай енуге болатынын ақылдасып, осы шараны ұйымдастыруды шештік, – дейді Еркебұлан Шайқыстан.

Ал КИнЭС рекордтар кітабының ресми өкілі елімізде бұған дейін мұндай бағытта ешқандай рекордтық оқиға болмағанын айтады.

– Бүгін бізде жаңа рекорд тіркелді. Елордадағы Салтанат сарайында беташар ұйымдастырылып, 25 жұптың некесі қиылды. Біздің рекордтар кітабымызда бұған дейін беташарға қатысты рекордтық жағдайлар тіркелмеген, – дейді Әкежан Шыңғыс.

Тарихи сәттің кейіпкеріне айналған жас жұбайлар болса, неке қию сәтінде ерекше толқығандарын айтады.

– Қазір өте ерекше сезімде тұрмыз. Өйткені бұл – қайталанбас күндердің бірі. Бұл беташар жақсы өтті деген ойдамыз. Мұндай ұсыныс түскен кезде келісу қиындау болды. Соңында ойлана келе, екеуміз қатысатын болып шештік. Ал біздің салтанатты тойымыз тамыз айында өтеді, – дейді Қуаныш Кәдірбек пен Сымбат Нұрзілда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...