Ақтөбе - Жайсан тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
605

Ақтөбе - Жайсан автожолында ВАЗ-2115 пен Lada Granta көліктері соқтығысты. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. Өңірлік полицияның баспасөз қызметі жол апатына қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Instagram-парақшасының бірінде жол апаты орнынан түсірілген кадрлар жарияланды.

"Ақтөбе – Мәртөк тасжолында бүгін түнде жантүршігерлік жол апаты болды", – делінген жазбада.

Жол апатына өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді. Апат 10 сәуірде шамамен сағат 23:00-де Ақтөбе - Жайсан автожолында болған.

"Жол апаты ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...