Қазақстанда дәрігерлерге 13 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
118

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағдайда сақтандыру төлемін ала алады. Ал қызметкер қаза тапса, оның жақындарына шамамен 13 миллион теңге өтемақы қарастырылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz el.kz-ке сілтеме жасап. 

Елімізде медицина қызметкерлеріне күш көрсету мәселесі әлі де өзекті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019-2025 жылдар аралығында кәсіби міндетін орындап жүрген медицина мамандарына шабуыл жасаудың 300-ге жуық дерегі тіркелген.

Науқастарға көмек көрсетуге барған дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің өздері зардап шегетін жағдайлар да кездеседі. Осыған байланысты медицина мамандарының өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған жаңа сақтандыру тетігі ұсынылды. 

Жаңа жүйе мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың қызметкерлерін қамтиды. Олардың қатарында дәрігерлер, фельдшерлер, мейіргерлер, санитарлар мен жедел жәрдем көліктерінің жүргізушілері бар.

Алайда сақтандыру тек қызметтік міндетін атқару кезінде болған оқиғаларға қолданылады. Мысалы, медицина қызметкері жұмыс уақытында науқастың немесе оның туыстарының шабуылынан жарақат алса, өтемақы төлеуге негіз туындайды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...