Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексін сапалы әзірлеу үшін оны қабылдау мерзімін келесі ж...
Белгілі сценарист Нұрлан Санжар өкпе обырына шалдығып, ауруханаға түсті
Коллаж: kazakhfilimstudios.kz
Белгілі жазушы, сценарист, Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжар жазылмайтын өкпе обыры ауруына шалдыққан болатын. Бүгін жазушы ауруханаға терапияға жатты, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап,
Белгілі киносценарист Нұрлан Санжар ауруханаға түсті. Ол қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты.
«Нұрлан Санжар қазіргі уақытта көмекке мұқтаж. Өкпе обырына шалдыққан жазушы бүгін терапияға ауруханаға жатты. Ол – Еуропаның ең ірі Lambert баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым, «Жошы», «Бату», «Періште», «Қызыл қар» секілді романдардың авторы. Бұған қоса, әлі қайта басылып шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде де ол қазақ кино өнеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Жүздескенде Нұрлан Санжар отбасылық қиындықтары туралы да ашық айтқан еді. Оның ұлы мүгедек, ал жұбайы ауыр ота жасатқан. Қазақ руханиятының дамуына адал қызмет еткен қаламгерге қолдау білдіремін деген жандар болса, көмек қолын созуға шақырамыз», — деп жазды тілшіміз.
Бүгін хабарласқанымызда жазушы ауруын жеңілдетіп, өмірін ұзартуға сеп болатын екі жол бар екенін айтты. Бірі – дің жасушаларын пайдалану, бірақ бұл бірнеше жылды қажет етеді. Оның үстіне, кейін де қатерлі ісік пайда болу қаупі жоғары. Екіншісі – Астанада трансплантация жасау, бірақ ол үшін қанша уақыт күту қажет екені белгісіз. Донор табылмай қалса, бұл да өмірге қауіп төндіреді.
«Менің дәрігерім бұл мәселені зерттеп жатыр. Иә, енді ашық айтуға болады. Менің басты мақсатым әйелім мен ұлым үшін – тірі қалу. Жағдай өте ауыр. Созылмалы обструктивті өкпе ауруының (ХОБЛ) 4-ші сатысында өмір сүру ұзақтығы орта есеппен алғанда жарты жылдан бір жылға дейін ғана. Маған қоғам мен биліктің көмегі ауадай қажет», — деді Нұрлан Санжар.