Алматыда құрдасын ұрып-соғып, қорлаған сәтін видеоға түсірген мектеп оқушылары ұсталды, деп хабарлад...
Ақмола облысында құмар ойынға әуес екі шенеунік жұмысынан айырылды
Ашық дереккөз
Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы букмекерлік кеңселерге бәс тіккен екі мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды. Заңбұзушылықтарды прокуратура сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында анықтаған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ақмола облысының прокуратурасы мәліметінше, шенеуніктердің бірі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарған. Екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы болған.
«Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде екі лауазымды тұлға да атқарып отырған қызметтерінен босатылды», — делінген ресми хабарламада.
Қадағалау органы мемлекеттік қызметшілер заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды қатаң сақтауға міндетті екенін еске салды.