Қазақстанда көпбалалы отбасы мемлекет беретін жәрдемақыдан бас тартты

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
211

Үкімет 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауқатты азаматтарға төленбейтін жәрдемақылар тізімін жариялаған еді. Қазір бұл бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Осы тұста Ақмола облысында тұратын көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Зеренді ауданында тұратын Әсен мен Меруерт Жақсылықовтар мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін ашып, тұрақты табысқа қол жеткізген. Қазір отбасы балаларын өз бетінше қамтамасыз ете алатын жағдайға жеткен.

Отағасының айтуынша, олар Үкіметтің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін өзгертуге бағытталған бастамаларын қолдайды. Оның пікірінше, мемлекеттік жәрдемақы ең алдымен шынымен мұқтаж отбасыларға берілуі керек.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер ретінде аяғымыздан нық тұрдық. Қазір тұрақты табысымыз бар, балаларымызды өзіміз асырай аламыз. Сондықтан Үкіметтің атаулы әлеуметтік көмекке қатысты жаңа бастамаларын қолдаймыз. Әлеуметтік көмек шынымен мұқтаж жандарға көрсетілуі тиіс деп санаймыз», – дейді Әсен Жақсылықов.

Бұл видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін түрлі пікірлер жазыла бастады. Бірі қосылатынын, қолдайтынын айтса, енді бірі заңдағы бұл өзгеріске қоғам әлі дайын емес деген пікірді жазған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандықтар үшін баспана сатып алуды қолжетімді ету мақсатында ба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған емші Бағдагүлге әлеуметтік желіде жауап берді, деп...