БҰҰ Халықаралық соты Израильдің Палестина аумағында болуын заңсыз деп танып, оларды жергілікті хал...
Алматыда такси жүргізушісі 15 жастағы қызға тиіскен
Фото: freepik
16
Алматыда кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиғадан кейін жасөспірімнің анасы полицияға шағымданған. Қыздың айтуынша, жүргізуші сапар барысында оның келісімінсіз денесіне қол тигізген. Межелі жерге жеткен кезде көліктен шығуына кедергі жасап, сүймек болған.
Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.