Халықаралық «The Beatles» күні Бүкіл әлемге танымал ливерпульдік «Битлз» тоб...
Ер адам қызғаныштан 2 баласына қастандық жасады
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
18
Ресейдің Иркутск облысында алты және сегіз жастағы екі бала әкесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 3 қаңтарда Усть-Илимск қаласында болған. Балалардың денесі тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден табылған.
Тергеу мәліметінше, оқиға қарсаңында ер адам қызғаныш салдарынан жұбайымен жанжалдасқан. Ол екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді.
Оқиғадан кейін ер адам өзіне қол жұмсап, ауруханада көз жұмған.
Ресейдің Тергеу комитеті екі жас баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.