Мәсімовтің атын жамылған экс-полицей сотталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
79

Алматыда өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің туысы ретінде таныстырып, төрт адамды алдаған бұрынғы полиция полковнигі сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Алимжан Кадыров таныстарының сеніміне кіріп, түрлі мәселелерін шешіп беруге уәде еткен. Ол жер телімін рәсімдеуге, алма бағын қайтаруға және шетелге шығуға көмектесетінін айтқан.

Бұдан бөлек, Кадыров Кәрім Мәсімовтің жұбайын емдету қажет деген желеумен де ақша сұраған. Осылайша, төрт адамнан жүздеген мың доллар алған.

Алматы соты бұрынғы полиция полковнигін 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Кадыров жазасын өзі атын жамылған Кәрім Мәсімовпен бір түзеу мекемесінде өтеуі мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Иркутск облысында алты және сегіз жастағы екі бала әкесінің қолынан қаза тапты, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда кәмелетке толмаған қызға жыныстық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен такси жүргізушісі...