Қазақстанда мопедтерге қатысты жаңа ережелер күшіне енді

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2075

Қазақстанда мопедтерді тіркеуге және жүргізуге қатысты жаңа ережелер қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Енді тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқару заңға қайшы болып саналады. 

Жаңа тәртіпке сәйкес, мопед иелері өз көліктерін тұрғылықты мекенжайы бойынша арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) барып тіркеуі қажет. Ішкі істер министрлігі тіркеу рәсіміне қажетті құжаттар тізімін жариялады. Ең бастысы — бұл үдеріс жеңілдетілген тәртіппен жүргізіледі, яғни мопедтің жақтауында сәйкестендіру нөмірі болмаса да тіркеуге қою мүмкіндігі қарастырылған. 

Жүргізушілерге ережелерді сақтау қажеттілігі ескертіледі, себебі заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...