Жетісу облысындағы таудан да өрт шықты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1827

Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Жетісу облысындағы өртті сөндіру үшін тікұшақ жұмылдырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алакөл ауданы Көкмойын шатқалында таулы жерлерде құрғақ шөп өртеніп жатыр. Өртті сөндіруге ТЖМ күштері мен құралдары тартылды: ТЖД мен орман шаруашылығының жеке құрамынан 90 адам және 10 бірлік техника.

Әуеден сөндіру үшін ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшақ жұмылдырылды.

Таулы жерлерге жету ауыр болғандықтан, өртті сөндіру қиынға соғып жатыр. Дегенмен, өрт сөндірушілер өртті тоқтату және оны толығымен сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...