Қазақстанда психологиялық қызмет саласын реттеуге бағытталған маңызды қадам жасалды. Мәжіліс депутат...
Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты: ең көп табыс қай салада?
Фото: Depositphotos
Қазақстанда 2026 жылдың екінші тоқсанында орташа айлық жалақы 486 388 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бірінші тоқсанмен салыстырғанда 5,4%-ға, ал 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға артқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алайда жалақының нақты өсімі инфляцияны ескергенде 1,8%-ға төмендеген. Ал елдегі медианалық жалақы 348 415 теңгені құрады.
Жалақы ең жоғары қарқынмен ауыл, орман және балық шаруашылығында өскен – 17,5%. Құрылыс саласында өсім 16,9%, қаржы және сақтандыру қызметінде 16% болды. Өнеркәсіптегі орташа жалақы 11,4%-ға артқан.
Ал ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру саласында тіркелді – орта есеппен 1 107 576 теңге. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 2,3 есе жоғары.
Одан кейінгі орында тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласы тұр – мұнда орташа жалақы 980 334 теңге. Ал ақпарат және байланыс саласында бұл көрсеткіш 851 076 теңгегежеткен.
Өнеркәсіп, көлік және қоймалау, сондай-ақ кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларында да орташа жалақы 600 мың теңгеден асады.