Павлодарда анасы небәрі 4 айлық нәрестесін ұрып, жазым ете жаздаған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ....
Түрмеге жеткізілген торттың ішінен телефон табылды
Фото: видеодан скриншот
597
Түрмеге жеткізілген тортты тексеру кезінде ішінен телефон табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сотталушыға арналған сәлемдемені тексеру барысында мекеме қызметкерлері тортты мұқият қарап шыққан.
Тексеру кезінде кондитерлік өнімнің ішінен ұялы телефон, екі SIM-карта және USB сымы табылып, тәркіленді. Сәлемдемені Павлодар қаласының тұрғыны мекемеде қамауда отырған танысына әкелген.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, тыйым салынған заттарды азық-түлікке жасырып өткізу әрекеттері ара-тұра кездесіп тұрады.