Түркістан облысында баланы әжетханаға тастаған жасөспірім түрмеден құтылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
476

Түркістан облысында жасөспірім балаларға қатысты қылмысы үшін мәжбүрлі емдеуге жіберілді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Сот анықтағандай, 2024 жылдың 16 мамырында Сарыағаш ауданына қарасты Сырғалы ауылында жасөспірім қыз баланы (2021 жылы туған) әдейі үй ауласындағы әжетхана шұңқырына итеріп жіберген. Қыз оқиға орнында көз жұмған.

Арада шамамен екі ай өткен соң, 2024 жылдың 13 шілдесінде ол тағы бір қылмыс жасауға әрекеттеніп, бұл жолы 2019 жылы туған тағы бір баланы әжетхана шұңқырына итеріп жіберген. Алайда бұл жолы оның әрекеті түрлі себептермен (өзінен тыс жағдайларға байланысты) соңына дейін жүзеге аспаған.

Соттың мәліметінше, 2024 жылы жүргізілген кешенді сот-психиатриялық және психологиялық сараптама қорытындысында С-ның «шизофрения белгілері бар жедел полиморфты психоз» дертіне шалдыққаны анықталған. Оқиға кезінде ол өз әрекетінің мән-маңызын толық түсінбеген және жауап бере алатындай жағдайда болмаған. 2025 жылы жүргізілген қосымша сараптама да алғашқы қорытындыны қуаттады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес, психикалық ауруға шалдыққан адам қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

«С. есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған тұлға деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Оған қатысты арнайы психиатриялық стационарда мәжбүрлі ем қабылдау шаралары қолданылатын болды», – делінген сот хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) жасанды интеллектке арналған сессияда үй т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Байғанин ауданында құдыққа түсіп кеткен кішкентай қызды құтқарамын деп қайтыс болған спортшы туралы...