Қазақстанда ҰБТ өтетін күн өзгертілді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1360

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ тапсыру күнінің өзгеруіне байланысты түлектерге ресми хабарлама жасады, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ .

Хабарламада тестілеу орталығы талапкерлерге тестілеу күні автоматты түрде өзгертілетін ескертті.

"Құрметті 23 және 24 мамыр күндері ҰБТ тапсыруға тіркелген талапкерлер!

Соңғы қоңырау күнінің ауысуына байланысты 23 және 24 мамырға жоспарланған ҰБТ өткізу күндері де өзгертілді. 23 мамырға өтініш берген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады.

24 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 1 маусымда тапсырады. Тестілеудің жаңа күні туралы ақпарат app.testcenter.kz сайтындағы сіздің жеке кабинетіңізде автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар сізге SMS-хабарлама жіберіледі. Соңғы қоңырауға және алдағы ҰБТ-ға дайындықта сәттілік тілейміз!" - делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...