Юрий Мельниченко: Демеу үшін спорттағы мансабын аяқтау қисынды болады деп ойлаймын

Бапкер Юрий Мельниченко. Фото: olympic.kz

Жаңалықтар
495

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Мельниченко Kazinform сайтына берген сұқбатында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың спорттағы болашағы жөнінде пікір білдірді.

"Демеу жасы келген спортшы. Оған спорттағы мансабын аяқтап, тәлімгер немесе қандай да бір спорттық ұйымның басшылығына кету қисынды деп ойлаймын. Оның зейіні мен патриоттық деңгейі өте жоғары", - деді Юрий Мельниченко Бас бапкердің айтуынша, Демеу Жадыраевтың орнын басатын жастар жеткілікті. 

“Бірінші кезекте статистикаға мән беру керек. Жастар арасында әлем чемпионы атанған, әлем чемпионатының жүлдесін алған, Азия чемпионы атанған жастар бар. Ұлттық құраманың негізгі резерві солар. Бұған дейін де солай болған. Солай бола береді де. Олардан бөлек еш жерде көзге түспесе де еңбекқор, спортқа өмірін арнаған шеберлер бар. Елімізде күреспен айналысатындардың саны аз емес. Сол санды сапаға айналдыру керек", - деді бас бапкер Юрий Мельниченко. Айта кетейік, Демеу Жадыраев грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған болатын. Демеу Жадыраев Париж боз кілеміндегі алғашқы белдесуінде Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын жеңген еді. 

Кейін ол ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық Ақжол Махмудовтан басым түсті. Ал жартылай финалда Әзербайжан спортшысы Санан Сүлеймановтан айласын асырды. Ал финалдық бәсекеде жапон балуаны Нао Кусакаға есе жіберіп қойды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...