Дакарда Қазақстан әнұраны шырқалды: Фатима Сұпығалиева чемпион атанды

ҰОК

ЖАҢАЛЫҚТАР
96

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарынан басым түсіп, Олимпиада чемпионы атанды.

Финалдық белдесуде Фатима Португалия өкілі София Гаспарды жеңіп, алтын жүлдені қанжығасына байлады. Қазақстандық спортшы финалға дейін де жоғары шеберлік көрсетті.

Ол ширек финалда Коста-Рика дзюдошысы Химена Моралес Гамбоаны иппон әдісімен жеңсе, жартылай финалда Словакия өкілі Вивьен Вадовицовадан басым түсті.

Осылайша, Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына алтын медаль салды. 

Туризм және спорт министрлігі спортшыны тарихи жеңісімен құттықтап, Қазақстан халқының қуанышымен бөлісті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ театр және кино актері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет»...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысының тұрғыны Алакөл ауданындағы жолды асфальт төсеп, жөндеудің орнына жұмысшылардың шұңқ...