Астанада екі ай ішінде 35 келіден астам есірткі тәркіленді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1669

Астанада екі ай ішінде 35 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

1 маусымнан бастап елордада «Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Полицейлер 195 есірткі құқықбұзушылығын анықтап, 28 таратушы ұсталды, шамамен 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ есірткіні жарнамалаған 302 сайт бұғаттауға жолданып, 2 млн теңгеден астам қаржыға қатысты 173 банктік шотқа тыйым салынды.

Жыл басынан бері Астанада 276 дерек тіркеліп, шамамен 400 келі тыйым салынған зат тәркіленген.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба...

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...