Қазақстанда ұсталған рэпер Navai екі ай тергеу изоляторында болады

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
21
Жамбыл облысының Қордай аудандық соты рэпер Наваи Бакировты екі ай мерзімге қамауда ұстауға санкция берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz .

Қазіргі уақытта ресми органдар істің егжей-тегжейін жарияламай отыр. Бұған Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеуге қатысты 201-бабы негіз болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу тыйым салынған заттарды контрабандалық жолмен өткізуге оқталу күдігіне байланысты жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Navai 13 қазанда Қазақстанға кіреберістегі «Қордай» шекара бекетінде ұсталған. Ол мінген көлікті тексеру кезінде есірткі заты анықталып, тәркіленген.

Қылмыстық істің мән-жайы әзірге толық жарияланған жоқ.

Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген GRAMMY студиясының жаңа "Global Mixtape" жобасына сұхбат беріп,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қала ішінде және қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктің жолақысы қаншалықты қымбаттайтыны...