Шымкенттегі балабақшада тәрбиеші балаларды соққыға жықты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1580

Желі қолданушысы Шымкенттегі “Айкөркем” балабақшасының былығын ашты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушысы желіде сұмдық ақпараттарды айтты. 

"Балам 2022 жылғы. 3-ке толмаған бала. 04.06.2025ж бақшадағы апайы  "балаңыз құлап беті қызарып қалды” деп ескертеді. Бірақ сағат 9:30-дан бастап баламды тәрбиеші ұрады, 2 сағат бойы( тоқтамай жылап, арасында теуіп, сүйреп, ұрып құлатып, ішіне тебеді). Балам тоқтамай  жылаған. Жылап жерде ұйықтап шалады. Сағат 15:00-ге бейін денесінің қызарғандары басылмаған соң маған құлады деп айтқан”, - деп жазды келіншек.

Алайда баланың өзі анасына тәрбиешінің ұрғанын, жылағанын айтып берген. Ал бақшадағылар мойындамайды. Кейін келіншек бақшадағы камераны ашуды талап етеді. Кейін тәрбиешінің 3-4 жас аралығындағы балаларды ұрып-сабағанын көріп жағаларын ұстайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...